Құрметті Қосшы және Тайтөбе ауылдарының тұрғындары!
Ауылдарда коммуналдық мәселелер өте көп, оларды шешу жүйелілікті талап етеді. Алайда, халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін су, жылу, жарық және т.б. бойынша қажетті және жеткілікті қуаттарды есептеу үшін елді мекендегі халықтың санын білу қажет. Бүгінде округте 20 мыңға жуық адам тіркелген, ал іс жүзінде 50 мыңнан астам адам тұрады. Осыған байланысты сіздердің әрқайсыларыңыздан азаматтық сана-сезіміңізді көрсетіп, тұрғылықты жеріңіз бойынша Қосшы және Тайтөбе ауылдарына тіркелулеріңізді сұраймыз.
Сонымен қатар, егер сіз қандай да бір себептермен басқа елді мекенде тіркелген болсаңыз және қазір сол жерден шыға алмасаңыз, онда сіз Косшы мен Тайтөбе ауылдарында уақытша (бір жылға дейін) тұруға құқығыңыз бар. Тіркеу Қосшы а. ХҚКО-да тегін жүргізіледі, 5 терезе. Көші-қон қызметі демалыс күндері сіздер үшін жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, тіркеусіз тұрғаны үшін әкімшілік айыппұл қарастырылған (ҚР ӘҚБтК 492-бабы). Тұрғын үй иелері, жалға берушілер, ҚР Әкімшілік кодексінің 493-бабы бойынша, тіркеусіз жалға алушылардың тұрғаны үшін жауапқа тартылады.
Целиноград ауданының әкімдігі.