"Шоқпар" интеллектуалдық дебат клубы
мектебімізде бірнеше жылдан бері жұмыс істеп жатыр. Осы 2020-2021 оқу жылындабұрынғы құраманың оқу бітіріп кетуіне байланысты, клубтың құрамы өзгерді.
Клубтың негізгі мақсаты: Оқушы жастар арасында шешендік өнерді дамыту,болашақ саяси лидерлердің қабілеттерін дамыту, оқушыны креативті ойлауға , дәлелді де дәйекті, ұтымды пікір айтуға, әзірлік барысында ғылыми ізденіс жасауға, шығармашылық әдістерді меңгеруде қорытынды ой жұмыстарын жасай білуге баулу.
Міндеті: Оқушы бойындағы белсенділігін пайдалана отырып, ғылыми ізденіс, шығармашылық жұмыстарға бейімділігін анықтап, түрлі пікірталас сайыстарына қатыстыра отырып, шешендік өнерге шыңдау.
Ендігі кезекте алда өтетін дебат-пікірталастар «Нашақорлық – қоғам дерті», «Салт-дәстүрімізді сақтап қалуға қалай қарайсыз?», «Латын әліпбиі бізге керек пе?»,«Қазіргі жастар және дін» деген тақырыпта болады.